Нинбо қаласының мәдени және туристік әлеуеті таныстырылды
Қазақстан мен Қытай мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ. Әсіресе, аспан асты елінің оңтүстік-шығысында орналасқан Нинбо қаласымен байланыс күшейеді. Астанада өткен кездесуде екі тарап әріптестікті кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Жиында Нинбо қаласының туристік әлеуеті таныстырылып, тарихи-мәдени мұралары туралы ақпарат берілді. Айта кетейік, Нинбо – көне ескерткіштерімен және ірі теңіз портымен әлемге танылған шаһар. Мұнда туризммен қатар, өнеркәсіп пен сауда саласы да қарқынды дамып келеді. Соның есебінен былтыр қаланың сыртқы сауда айналымы 1,46 триллион юаньға жеткен.
Бей Чжан, Нинбо қаласының туризмді ілгерілету жөніндегі өкілі;
Нинбо – тамақ өнеркәсібі дамыған ірі шаһар. Сондықтан біз үшін Қазақстанмен байланыс орнату маңызды. Өз өнімдерімізді таныстыру арқылы серіктестермен қарым-қатынасты күшейткіміз келеді. Бұдан бөлек, көршілес ел тұрғындарын біздің бай мәдени-тарихи мұрамызбен танысуға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы