Оралдағы түзету мекемесінде ерекше көрме өтті
Жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқандардың арасында жаңқаға жан, темірге тіл бітірген хас шеберлер бар. Оралдағы түзету мекемесінде ерекше көрме өтті. Көрмеге бас-аяғы 40 жуық экспонат қойылды. Домбыра, үй жиһаздары, шахмат тақтасы, қыз жасауы мен ағаштан ойып жасалған түрлі кәдесыйлар бар. Жазасын өтеушілер жарық диодты шамдар жасауды да қолға алған. Қапаста жатып, көркем дүниелерді тудырған азаматтар осылайша, еңбекпен шұғылдануда. Қазір түзету мекемесінде 400-ге жуық адам жазасын өтеп жүр. Олардың 70 пайызы еңбекпен қамтылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нинбо қаласының мәдени және туристік әлеуеті таныстырылды
11.11.2026, 10:08
Үшжақты келіссөз бүгін де жалғасады
11.11.2026, 10:07
Қазақстан климаттық инвестиция тарту жөніндегі платформаны іске қосты
11.11.2026, 10:06
Елдің бірқатар өңірінде қар, тұман және көктайғақ болады
11.11.2026, 10:05
Нөсер жауын жұртты әбігерге салды
11.11.2026, 10:04
Нөсер жауыннан көшелерді су басты
11.11.2026, 10:03
Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
11.11.2026, 10:01
Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды
11.11.2026, 10:00