Басты Жаңалықтар Алматыда лимузин жолаушы тасымалдайды

Алматыда лимузин жолаушы тасымалдайды

Алматыда жолаушыларды Пушкин даңғылы мен Райымбек көшесінің қиылысынан жинап алып, Талғарға дейін ерекше көлік тасымалдайды. Бұл жай автокөлік емес, АҚШ-та жасалған лимузин. Бағасы да қолжетімді, небәрі 200 теңге. Алматылықтар қанша таңқалса да, әдемі көлікке отырудан бас тартпайды.

Қарапайым жолаушыларды тасымалдап жүрген көлікке жергілікті тұрғындардың да көзі үйренген. Алғашында бәрі таңғалатын. Қазір қуанып жүрген адам көп.

Әділет Оразхан, қала тұрғыны:

- Сабақтан үй жаққа қайтқанда, Талғарға да барғанға ыңғайлы.

Әсіресе, бұл көлік Алматыға облыстан қатынайтын студенттерге ыңғайлы. Себебі, лимузин таңғы бес жарымнан жұмысын бастайды. Тұрғындар жұмыстарына кешікпейді. Машинаның іші жылы, әрі 10 адам еркін сияды.

Ілияр Сүлейманов, қала тұрғыны: 

- Осымен шыққалы бері жүріп жүрміз. Ыңғайлы.

Лимузиннің ұзындығы 9 метр, салоны таза былғарымен қапталған. Ал көліктің иесі «аулада екі жыл тұрған лимузинді кішігірім кәсіпке айналдырған жөн деп шештік», - дейді.

Күніне кем дегенде 4 рет ары-бері жолаушы тасымалдайтын көліктен келетін табыс та тәуір. Жанармайға кететін ақша да көп емес. Жігіттер тек қаражат табудың қамын ғана ойламай, арасында сауапты іске де ден қоюды көздеп жүр.

Мәулен Ережеп, көлік жүргізушісі:  

 - Әр аптада адамдардың ақшасына емес, сауабы үшін ары-бері тасуға жоспар құрып отырмыз.

Кейде екі дос жағдайы жоқ жандарға қол ұшын созып, тегін жеткізеді. Ал, мұндай ыңғайлы көлікке халық қашан да мұқтаж.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ           

 

         

Бөлісу