«Астана – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды

08.02.2018

Сыбайлас жемқорлықты алдын алудың жаңа жобасы қолға алынды. Астана қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана – адалдық алаңы» атты бағдарламаны бірлесе жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойды. Онда бармақ басты оқиғаларды  алдын алу, тұрмыстық жемқорлықты жою, бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдардың ашықтығы, қоғамдық бақылауды күшейту сияқты бірнеше міндет қарастырылған. Жалпы, бағдарлама барысында тұрғындар өз ұсыныстарында жеткізе алады. Арнайы пошта әкімдік сайтында көрсетілген. Бұдан бөлек, жоба аясында мемлекеттік органдардағы олқылықтарды реттеп, тұрғындарға қолжетімді ету көзделген.

Жазира Жылқышиева, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

 - Ең бірінші мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету. Мысалы, сот органдарына барсаңыздар да, онда бәрі ашық емес. Біздің денсаулық сақтау мекемелеріне барған кезде азаматтар ұзақ уақыт кезекте тұрады. Мүмкін, дәрігерлерде жиналыс болып жатады. Осы барлық процестерді реттеуді қарастырып отырмыз. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу