Енді еліміздің кез келген тұрғыны үйінен шықпай-ақ әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Бүгін осы мақсатты жүзеге асыруға арналған «Әлеумет» кешенді ақпараттық-түсіндіру бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама «Отбасы», «Жастар практикасы», «Еңбек» және «Зейнет» деп аталатын 4 бағыттан тұрады. Тұрғындардан келіп түскен сауалдар осы бағыттар бойынша іріктеліп, мамандардың қарауына беріледі. Тіпті, мазалаған мәселеңізді 8 700 101 14 14 «WhatsApp» нөміріне жіберіп, жедел жауап алуға болады.
Нұрлыбек Жеңісбек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы:
- Халық күнделікті өзіне қажетті ақпаратты алғаннан кейін өз мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Қазірдің өзінде «WhatsApp» арқылы 20 күннің ішінде 1500 адам хабарласты. Соның 916-сы тиісті жауабын алды.
Досымжан ЕРМҰРАТ