15 мың жұмыссыз бизнес-мектепте білім алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 мың жұмыссыз бизнес-мектепте білім алды

06.02.2018

Былтыр елімізде 192 мың кәсіпкер мемлекеттің қолдауына ие болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 15 мың жұмыссыз бен өзін-өзі еңбекпен қамтып жүрген азамат бизнес-мектептерде білім алды. Олардың кейбірі өздерінің стартап жобаларын іске асыруға мүмкіндік алып, қазір шаруаларын дөңгелетіп отыр. Жалпы, шағын және орта бизнеске мемлекеттің үлкен мән беруінің арқасында отандық кәсіпорындарда шығарылған өнім көлемі біршама артқан. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Өткен жылды қорытындыласақ, несиелік портфельдің көлемі қосымша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың арқасында 288 млрд. теңге болды. Жалпы, кәсіпкерлердің 3351 жобасы қолдауға ие болды. 2016 жылмен салыстырғанда бұл 10 пайызға көбірек. Жаңа 17 300 жұмыс орны құрылды.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы:

- Былтыр шағын және орта бизнесті қолдауға Үкімет үлкен басымдық берді. Бағдарламаларды орындау, заңдық тұсы болсын, барлық бағыт бойынша  жыл бойы жұмыс істедік. Қолдау әлі де жалғасады деп үміттенемін. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу