Көкшетаулық өнертапқыштар ғимарат ішіндегі ауаны тазалайтын құрылғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық өнертапқыштар ғимарат ішіндегі ауаны тазалайтын құрылғы ойлап тапты

31.01.2018

Қазіргі қолданыстағы кварцтеу жабдықтарынан әлдеқайда тиімді. Энергияны аз тұтынады және еш зияны жоқ. Құрылғыны көкшетаулық бір топ дәрігер бірлесіп жасаған. Ауаны зиянкестерден тазалауға арналған жабдық үздіксіз жұмыс істейді. Өнертапқыштардың айтуынша, ультракүлгін сәулелердің шағылысуы арқылы ауа тазалау - тың әдіс. Әзірге өнертапқыштар ғылыми жаңалықтарын көпшілікке таныстыра қоймаған. Бірнеше кәсіпорынмен әріптестік орнатпақ болғанымен әзірге нәтиже жоқ. Сондықтан, олар мемлекеттен не жеке сектордан өндірісті жолға қою үшін көмек сұрайды. 

Марат Шүмеков, жұмыс тобының мүшесі:

- Ауадағы бактериялар, вирустар ылғалды молекулаларда сақталады. Құрылғы қабырғаға тік орнатылады. Ауаны жоғары вентилятор сорып алады. Ауа ішімен өткенде ультракүлгін сәулелерінің шағылысу нәтижесінде құрамындағы бактериялар мен вирустар жойылады, яғни, ауа тазарып шығады. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Көкшетау жаңалықтары

Хабарламаларға жазылу