Алматы облысының қылмыстық атқару жүйесінде өткен жылы екі азамат сыбайлас жемқорлықпен ұсталды
Еңбекшіқазақ ауданында қызметкер 50 мың теңге парамен, ЛА 155/14 түзету мекемесінің басшысы 650 мың теңге пара алу кезінде қолға түскен. Біріншісі 2,5 млн.теңге айыппұл төлеп құтылса, екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Дәл осы олқылықтар биыл да қайталанбау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары құзырлы орган өкілдерімен дөңгелек үстелде бас қосты.
Ринат Рысбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігі облыстық департаментінің бас маманы:
- Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтап, тиісті ұсыныстарын беру. Яғни, болашақта қылмыстық атқару жүйесінде өзінің жазасын өтеп жатқан қылмыскер мен оларды бақылап отырған қызметкер арасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы