Одаққа ортақ мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Одаққа ортақ мәселелер талқыланды

31.01.2018

Қазақстан Кедендік одақ елдері арасындағы тауар тасымалы кезінде сәйкестікті бағалау және сынақ жұмыстарын фото және бейне таспаға түсіру арқылы рәсмдеуді ұсынды. Бүгін техникалық реттеу және метрология саласының мамандары Еуразиялық экономикалық комиссияның осы салаға жауапты министрі Валерий Корешковпен кездесті. Кездесуде техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы шекарадағы бағалау және сынақ жұмыстарын фото және бейне жазбамен рәсімдеуді міндеттейтін уақыт жеткенін айтты. Себебі, бұл мәселеге қатысты түсініспеушіліктер көп. Сондықтан, әлемдік тәжірибе мен жаңа технологияны пайдалану туралы бастама көтерілді. Кездесуде қазақстандық құзырлы органдардың өкілдері техникалық реттеуге қатысты өзге де проблемаларды көтерді. Еуразиялық комиссияның министрі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында да, Үкіметте де осы мәселеге қатысты бірқатар кездесулер өтізбек. 

Ғалымжан Дұғалов, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:

 - Бүгінгі таңда  37 техникалық регламент күшіне енді. Оның талаптары бізден шығарылып жатқан және импортталып жатқан өнімдерге қолданылады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу