Еліміздің 685 ескерткіші мен киелі мекені кітапқа енді. «Бұл еңбектің негізгі авторы – халық, біз тек солардың ауызындағысын жиыстырып, құраушымыз»,-дейді өлкетанушы Берік Әбдіғалиұлы. Былтырдан бері республиканың әр қиырында этномәдени экспедициялар өтіп, қасиетті жерлер түгенделіп тізімдері жасалды. Оны іріктеуге өңірлердегі арнайы комиссия күш салды. Соның нәтижесінде 185 қасиетті орын туралы үш тілде «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабы жарық көрді. Мұнымен қоса, екі тілде «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» оқулығы шықты. Оған 500 нысан кіргізілген. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Сондай-ақ, тізімдегі ескерткіштердің әрбірі ғылыми тұрғыдан зерттеліп тиісті деңгейде мәліметтер берілмек.
Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі:
- Бұл тек қана тарихты немесе киелі жерлерді түгендеп шығу емес, сол арқылы ұлтты біріктіру, рухты ояту ең бастысы - тарихқа қызығушылықты ояту. Толыққанды біртұтас ұлттық сана сезімді қалыптастыру. Сондықтан, бұл жобаның алдында үлкен міндеттер тұр.
Нысаналы ЫҒЫЛ