Қапшағай - өндірісі өркендеген қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай - өндірісі өркендеген қала

30.01.2018

Қапшағай шағын және орта бизнес қанат жайып, өндірісі өркендеген қалаға айналды. Бұл туралы халыққа есеп берген шаһар басшысы Талғат Қайнарбеков айтты. Мұнда елімізді озық отыз мемлекеттің қатарына енгізуге арналған бағдарламалар табысты іске асып жатыр. Мәселен, баламалы қуат көзін өндіру, яғни күн, су, желден қуат алудың ең озық технологиялары орнатылуда. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде де тұрақты өсім бар. Шаруашылықтар мен өндіріс орындары қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, фермерлер мен кәсіпкерлер елдің басқа да аймақтары мен шетелдерге отандық өнімдерді экспортқа шығарады. 

Талғат Қайнарбеков,  Қапшағай қаласының әкімі:

- Жалпы, ауыл шаруашылығынан өткен жылы 11,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліді. Өсімдік және мал шаруашылығында өсім динамикасы сақталған. 105,5 пайыз. 2017 жылы 12780 гектар жерге ауыл шаруашылығының дақылдары егілді. «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы мал шаруашылығын дамытуға 10,9 және өсімдік шаруашылығына 379,9 млн. теңге субсидия берілді.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу