Басты Жаңалықтар Астанада «Қазақстанның бейбітшілік қолдау миссиясына» арналған тақырып талқыға түсті

Астанада «Қазақстанның бейбітшілік қолдау миссиясына» арналған тақырып талқыға түсті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында еліміздің егемендік жолындағы еселі еңбегі жан-жақты баяндалған. Астанада өткен арнайы жиында осы кітаптағы «Қазақстанның бейбітшілік қолдау миссиясына» арналған тақырып талқыға түсті. Басқосуда мемлекетіміздің 26 жылдық Тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-жайы айтылды. Қазақстанның бейбітшілікті қолдау миссиясы жолында жаппай қырып-жою мен ядролық қарудан бас тартуы, сыртқы саясаттағы бітімгершілік рөлі еліміздің аз уақытта жеткен зор жетістігі екенін баса айтты мамандар. 

Құрманғали Дәркенов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Сирияға, Ресейге қатысты санкцияға және Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның басшы өзінің пікірін білдірді. Яғни, біздің қазіргі таңдағы мақсатымыз - халықаралық тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бөлісу