Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырылды

30.01.2018

 «Өнер және мәдениет саласында сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ». Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті өңірлер ішінде тұңғыш рет осы тақырыпта акция өткізді. Шараның мақсаты – өнер мен мәдениет саласына дендеп үлгерген сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу. Өңірде өнер және мәдениетте жүрген екі мыңға жуық қызметкер бар. Осы уақытқа дейін бұл салада  сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген. 

Нұргүл Жанназарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департамент басшысы:

- Бүгінгі шараның ерекшелігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта республика бойынша алғаш рет ақындар айтысын ұсынғалы отырмыз. Сонымен қатар, оқу орындарының үздік ұжымдары театрландырылған қойылымдар арқылы халыққа сыбайлас жемқорлықтың түбі жақсылыққа апармайтындығын көрсететін болады.   

Әсем САРТБАЕВА

Хабарламаларға жазылу