Миллионның мәселесі әдеп кеңесінде қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миллионның мәселесі әдеп кеңесінде қаралды

30.01.2018

Қарағанды облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Саяш Ахметов қызметтік мүмкіндігін асыра пайдаланып, өзіне-өзі 1 миллион теңгеден астам сыйақы тағайындаған. Осылайша, заңды белден басқан мемлекеттік қызметшінің мәселесі әдеп кеңесінде қаралды. Өзі жиында төбе көрсетпегенімен айыбын мойындап, өкініш білдіріпті. Тексеріс түрткі болса керек, қалтасына басқан қаржының 510 мың теңгесін бюджетке қайтарып берген. Қалған қарызды кесте бойынша төлейді. Енді, Саяш Ахметов жұмыс барысында осындай заңсыздықтарға баратын болса, бірден қызметінен босатылады.

Жандос Сәрсенов, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:

- Заңнамаға сәйкес мойынында әлі шешілмеген, тәртіптік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметшілер сыйақы ала алмайды. Ол кісі әлі шешілмеген, алынбаған тәртіптік жауапкершілігіне қарамастан премия алған. Сол жасаған әрекеті мемлекеттік қызметке кір келтірді деп саналады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу