Депутаттар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады

29.01.2018

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітапты талқылады. Ассамблея төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай депутаттар алдында арнайы баяндама жасап, кітаптың маңыздылығын атап өтті. Сөз алған депутаттар да Елбасының жаңа еңбегінде тұтас бір дәуірдің қамтылғанын және жас ұрпақ үшін таптырмас құнды дүние боларына сенімді екендіктерін жеткізді. Кітапта Тәуелсіздік алған сәттен бастап, әрбір кезең жеке дара сипатталады. Сондықтан, хронологиялық жүйесі бойынша кітап барша оқырман қауымға арналған.    

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын себебі де бар. Өйткені, Елбасымыз айтқандай, өткен жылдарымыз ғасырға татитын жылдар. Сонымен алып қарасақ, бұл дәуірнамада Қазақстанның тарихын, Қазақстанның негізін қалап, мемлекетті бекем еткен адамның өз атынан баяндалғаны кез келген азаматқа әсер етеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу