Бұған дейін облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті оларға 4,5 млрд. теңге салық салған еді. Автопарктер мәселесін бақылауына алған Бас прокуратура тасымалдаушылардың салық төлеуін негізсіз деп таныды. Сондай-ақ, құзырлы орган Премьер-министрдің атына заңдағы олқылықты жою туралы ұсыныс білдірді. Себебі, көлік қатынасы саласын құқықтық реттеу бойынша бірқатар келеңсіздіктер бар, соның салдары бүкіл республикадағы жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген кәсіпкерлік нысандарының қызметіне кері әсер етіп отыр.
Игорь Шацкий, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Соттың шешіміне қарамастан, Салық комитеті ол істі қайта қарауға жібереді деген күдік бар. Егер іс ұзаққа созылып кетсе, демек бұл салық органдары тарапынан тасымалдаушылар жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған қасақана, зиянкестік әрекеті екендігін байқаймыз.