Елордада туған жобалар қалған қалаларға таратылуы тиіс
Астана – идеялардың, жаңа технологияларды енгізудің, жаңғыру мен жаңарудың қаласы. Өзге өңірлерге өзінің іргелі істерімен үлгі болып келеді. Мұны Елбасы биылғы Жолдауында құжатпен қуаттады. Енді елордада туған жобалар «эталонды» стандартымен қалыптастырылып, қалған қалаларға таратылуы тиіс. Бүгін өткен «Астана – даму мен инновацияның 20 жылы» форумында бас шаһардың шырайымен қатар, қауқары да сөз болды. 1997 жылдан бері қарай жалпы өңірлік өнім 190 есеге өсті. Мемлекеттік бюджетке түсірген түсімдері 80 есеге артыпты. Яғни, 13 млрд. теңгеден былтыр трлн. теңгеге дейін жетті. Мыңның үстінде өндірістік, әлеуметтік-мәдени әрі қоғамдық маңыздағы нысандар салынды. Осылайша, Астана сәулеті келіскен қала ретінде танылып қоймай, басқа қырынан да орталыққа айналады.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Астананың 20 жылдығы бүкіл еліміз үшін индустрияды инновацияның, не болмаса жоғары технологияның дамуына арналған жыл болуы керек. Еліміздің барлық өңірлері Астанаға қарап бой түзеулері керек деп есептеймін.
Нысаналы ЫҒЫЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы