Халық жылу және жарықпен толық қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық жылу және жарықпен толық қамтылған

26.01.2018

Күннің суықтығына қарамастан, еліміздің барлық өңірінде тұрғындар электр және жылу энергиясымен толық қамтылып отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның сөзінше, өткен жылыту маусымымен салыстырғанда, электр станцияларындағы температуралық кестеге сәйкес келмейтін фактілер 4 есеге азайған. Жалпы, биыл отын қоймаларында 3,5 миллион тонна көмір және 104 мың тонна мазут жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға жоєары. Алдағы екі жылға қойылған жоспарға тоқталған вице-министр 2019 жылға дейін электр станцияларындағы 56 қазандық, 47 турбина жөндеуден өтетінін айтты.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:

- Станциялар кешкі кезеңде максимум көлемде жұмыс істейді. Сондықтан, «ҚазТрансГазАймақ» мекемесімен келісіп, кешкі кезде станцияларға тиісті көлемде газ беріліп отыр. Түнгі мен күндізгі көлемдері азайып, бірақ, орта тәулік норматив келісімдер бойынша жүргізіліп жатыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу