Басты Жаңалықтар Астанада өткен брендбук байқауының жеңімпазына 8 млн. теңге табысталды

Астанада өткен брендбук байқауының жеңімпазына 8 млн. теңге табысталды

Елорданың 20 жылдығына арналған символды анықтайтын додаға өңірлердегі заңды және жеке тұлғалардан 60-тан астам өтінім келіп түскен. Айта кетейік, биыл бұл жарысқа әлемнің беделді университеттерінің түлектері де өз жұмысын жіберіпті. Арнайы топтың дауыс беру нәтижесінде 8 жоба іріктеліп алынды. Оза шауып, олжалы болған төлтаңба иелерін марапаттау рәсімі өтті. Ал, ең үздік брендбук авторы Ақмарал Еспенбетоваға 8 млн.теңге көлемінде сыйақы табысталды. Енді бұл қолтаңба елорданың 20 жылдығын мерекелеу кезінде жарнамалық және маркетингтік, сонымен қатар, мәдени шаралар кезінде қолданылатын болады.

Ақмарал Еспенбетова, байқау жеңімпазы:

- Мен өте қуаныштымын. Бір ай күттік. Енді ғана қорытынды шықты. Біздің логотип ол біздің Елтаңба мен Туға байланысты түстер. Сонымен қатар, сұңқардың қанаттарын бейнелейді.

Елдос  САПАРҒАЛИ

Бөлісу