Еліміздің оңтүстік бөлігінде де күн суытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің оңтүстік бөлігінде де күн суытты

25.01.2018

Соңғы уақытта елімізде күннің суытуы құтқарушыларды да алаңдатып отыр. Себебі, Қазақстанның тек солтүстік-шығысында емес, оңтүстікте де күн суытты. Сондықтан, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өкілдері кез келген жағдайға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Биыл Алматыда үйді жылыту үшін көмірді пайдаланып, артынан көмірқышқыл газдан уланғандар бар. Ал, үсік шалып, ауруханаға түскендер әзірге жоқ. Қазір метеорологиялық жағдайды құтқарушылар жіті бақылап отыр. «Күннің суытуына байланысты, алдын ала жасалатын шаралар дерлік атқарылды. Біз Алматы жұртшылығына барынша хабарламалар таратып, тауға шығуға болмайтындығын ескерттік. Себебі, қар көшкіні қаупі бар. Оның үстіне, аяз кезінде үсік шалуы да мүмкін», - дейді мамандар. 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ                     

Хабарламаларға жазылу