«Нұрлы жол» бағдарламасының нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» бағдарламасының нәтижесі

25.01.2018

Елімізде соңғы 3 жылда ұзындығы 3 мың шақырымға жуық жылу, су жабдықтау құрылғылары қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы Инвестициялар және даму  министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты. Оның сөзінше, өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 778 шақырым болатын  инженерлік жүйе салынған. Соның нәтижесінде осы  жүйелердің жұмыстан шығуы 3 пайызға азайды. Биыл осындай жұмыстарды атқару үшін министрлік бюджеттен 33,4 миллиард теңге бөлініп отыр. Яғни, тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша 49 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, ұзындығы 28,4 шақырымға созылған жылу құбырларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі,- дейді министрлік өкілі. 

Мархабат Жайымбетов, Инвестициялар және даму  министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы:

- Жылу жүйелері бойынша 20-дай техникалық бұзушылық, су жүйелері бойынша 65-тей техникалық бұзушылық болған. Бірақ, дер кезінде жұмыс істеген. Біздің жылы үйде отырғанымыз, атқарылған жұмыстың арқасында болып отыр.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу