Қостанайлық полицейлер «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетеді
Мемлекеттік қызмет түрлері «бір терезе» қағидатымен. Бұдан былай, Қостанай облысының тұрғындары қаруды тіркеу, мұрағаттағы анықтамаларды алу, арыз беруді бір жерден жасай алады.
Өңірлік Ішкі істер департаменті ғимаратында елімізде тұңғыш рет азаматтарға қызмет ұсынатын операциялық зал ашылды. Мұндағы заманауи электронды жүйе полицейлердің халыққа уақытылы, әрі сапалы қызмет көрсетулеріне мүмкіндік береді. Әрі құқық қорғау органының жұмыс тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, залда шетелдік азаматтар еш кедергісіз визаның мерзімін ұзартып, тез арада рәсімдей алады. Залды ашу үшін жергілікті бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді. Алдағы уақытта мұндай ғимаратты Рудный қаласында ашу көзделіп отыр.
Қасым Досанов, облыстық ІІД бастығының орынбасары:
- Бұған дейін тұрғындар Ішкі істер департаментінің ішіне кірмей сыртта күтіп тұратын. Тіпті, далада да қабылдау жасалатын. Бірталай қиыншылықтар болды. Енді бәрі ыңғайлы.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы