Ақтауда әлеуметтік желіде теріс уағыз таратқаны үшін екі азамат тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда әлеуметтік желіде теріс уағыз таратқаны үшін екі азамат тұтқындалды

24.01.2018

Қала тұрғындары «ВКонтакте», «Фейсбук» желілерінде діни алауыздық тудыратын материалдарды жариялап, оларға бірнеше адам «лайк» басқан. Қазіргі уақытта оны таратқандар мен материалды оқып, лайк басқандар тексеріліп жатыр. Былтыр әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіліп, бір адамның шетелге діни соғысқа шақырылғаны анықталды. Сондай-ақ, жат ағым өкілдері жасаған 50 қылмыс әшкереленді. Олар адам өлтіру, есірткі тасымалдау, адам ұрлау, зорлық-зомбылық жасағандары үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 25 тұлғаға 2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Рашид Қуандықов, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Аталған азаматтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабымен іс қозғалды. Қазір іс сотқа жіберілді. Біреуіне 4 жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды. Жалпы, бұл қылмыспен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу