Алматыда жүксалғышта адам тасыған жүргізуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүксалғышта адам тасыған жүргізуші ұсталды

24.01.2018

Естімеген елде көп. Алматыда көлік жүргізуші жүксалғышқа екі ер азаматты жатқызып, тасыған. Ал, жолаушылар өз еріктерімен келісіп отырған.

Оқиға Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы мен Мәметов көшесінің қиылысында болған. Бұл ақылға сыймайтын көріністі қала тұрғындарының бірі бейнетаспаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге жүктеген. Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, Subaru көлігінің жүргізушісі кінәсін толық мойындап отыр. «Ол көлік салонында адам отыратын орын болмағандықтан, жүк тасығышқа адамдады тиедім», деп ақталыпты. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:

- Өзінің көлігіне жолаушылар сыймағаннан кейін екі жолаушыны жүк тасығышына салып, сөйтіп тасымалдаған көрінеді. Абыроай болғанда, ешбір жол апаты болған жоқ. Әйтпесе, бұл азаматтар бірден мерт болуы мүмкін деген болжамымыз бар. Қазіргі таңда көлік тізгінінде отырған азамат Әкімшілік кодекстің 593-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол айыппұл төлейтін болады.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу