Ресейлік сарапшылар:  Қазақ елі - көптің сеніміне ие болған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік сарапшылар:  Қазақ елі - көптің сеніміне ие болған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі

23.01.2018

Соңғы кездері әлемнің алпауыт державалары Қазақстанмен санасып, белгілі бір түйткілді мәселелер бойынша кеңесе бастады. Бұл - еліміздің ұзақ жылдар бойы жүргізген бейбіт әрі тұрақты саясатының арқасы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапары туралы пікір білдірген ресейлік сарапшылар осылай дейді. Мамандардың айтуынша, Қазақ елі -  көптің сеніміне ие болған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі.

Сергей Рекеда, М.В.Ломоносов атындағы ММУ посткеңестік кеңістікті зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры:

- Ядролық қарусыз әлем құру ресми Астананың жылдар бойы қалыптасқан дипломатиялық стилі деп ойлаймын. Сондықтан, БҰҰ мінберінен Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай ұсыныс айтуы заңды құбылыс. Сирия жанжалын реттеуде Қазақстанның зор үлес қосқаны белгілі. Енді  міне, Солтүстік Корея дағдарысын шешуге де Қазақ елі өз алаңын ұсынып отыр. Бұл әрине, күрделірек мәселе. Дегенмен, Қазақстанның арағайын болудағы мол тәжірибесі бұл жолы да өз пайдасын тигізеді деп санаймын. 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу