Күшті аяз тағы да бірнеше тәулікке созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күшті аяз тағы да бірнеше тәулікке созылады

23.01.2018

Солтүстік өңірлерде ауа райының күрт суытып, аяздың күшеюіне байланысты қызметкерлерді жұмыстан ертерек босату керек. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің жалпы отырысын бастамай тұрып мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамы бойынша күшті аяз тағы да бірнеше тәулікке созылады. Қазірдің өзінде еліміздің алты өңірінде ауа температурасы -30 бен -40 арасында. Осындай үскірік аяз еліміздің оңтүстігіндегі төрт өңірінде болады деген болжам бар. Жағдайды ескере отырып, Үкімет басшысы әкімдерге қоғамдық көліктің кесте бойынша жұмыс істеуі, «102» диспетчерлік қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін және Ішкі істер министрлігі автожолдарды бақылап, керек кезде барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қою туралы шешімді дер кезінде қабылдауын тапсырды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу