Кооператив мүшелеріне жеңілдіктер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кооператив мүшелеріне жеңілдіктер берілді

23.01.2018

Кооперативке бірігіп, мемлекеттен тиесілі жеңілдіктерден қағылған  павлодарлық шаруалардың мәселесі оң шешімін тапты. Бұл туралы Ұлттық арна арнайы бейнематериал берген болатын. Сол кезде Ауыл шаруашылығы министрі болған Асқар Мырзахметов арнамызға сұхбат берген еді. Бүгінде шаруалар элиталық тұқым сатып алуға субсидияларын толықтай алды. Өсімі төмен несие де беріліп жатыр. Кооператив мүшелері үшін басты мәселеге айналған элеватор сатып алу проблемасы да шешілді. Қазір «Қалқаман» элеваторы шаруалардан астық жинап, оны делдалсыз, мемлекет белгілеген тиімді бағамен  мемлекеттік «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» тапсыруға дайындауда.  

Ерлан Шапайұлы «Тоқтышақов» шаруа қожалығының басшысы:

- «Ертіс Агро» кооперативінің мүшелері өздері өсіретін өнімді шикізат ретінде ғана емес, дайын өнім күйінде сатуға мүмкіндік алды. Сол үшін мемлекетке рахмет. Екіншіден, экспорттық нарыққа шыға аламыз. Қазірдің өзінде Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға бидай, ұн өткізуге келісімшарт жасап қойдық.   

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу