Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің бірыңғай базасын құру жоспарланып отыр
Бүгін Парламент Мәжілісінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. «Мамандардың бірыңғай реестрін құру арқылы сапаны арттыруға болады», - дейді мамандар. Өйткені, әлеуметтік қызмет түрлерінің жаңаруына байланысты мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Себебі, қазір ауылдық жерлерде әлеуметтік қызметті көбінесе орта білімі ғана бар мамандар көрсетеді. Заң жобасымен 16 заңнамалық актіге, 3 кодекске түзетулер енгізу жоспарланған.
Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Елбасының Жолдауында айтылғандай, мүмкіндіктері шектеулі отбасыларға жаңа жәрдемақы көзделіп отыр. 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарына Жолдауда айтылғандай жәрдемақы төленеді.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы