Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттардың жұмысын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттардың жұмысын сынға алды

19.01.2018

Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-сессиясында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кей депутаттардың жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. Өңір басшысының айтуынша, депутаттар өздеріне жүктелген өкілеттілікті тиісті деңгейде атқармай отыр. Бұқара мен билік арасындағы байланыстың жоқтығын ескерткен облыс әкімі халық қалаулыларына нақты міндеттер жүктеді. Бүгінде облыстық мәслихатта 27 депутат болса, олардың 12-сі қалалық, ал, 15-і аудандық округтен сайланған. Облыс әкімі аудандық депутаттарды қаладан емес, ауыл ішінен, елді мекен тұрғындары арасынан тағайындау керек деп тапсырды.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Сіздер қалада тұрып, ауданның тыныс-тіршілігімен бейтаныссыздар. Алдағы уақытта облыстық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлағын кезде сол жердің тұрғындарынан сайлау қажет. Яғни, сол жерде жүру керек, білу керек. Ал, жылда бір-екі рет ауданға әкім барғанда немесе ресми делегация барғанда төбе көрсетіп кету депутаттық өкілеттілікті толық деңгейде орындау деп есептемеймін.

Ж.ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу