Басты Жаңалықтар Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына 13 млн теңгеге айыппұл салынды

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына 13 млн теңгеге айыппұл салынды

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен мекеме басшылары 13 млн. теңге айыппұл төлейтін болды. ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тексеру нәтижесі бойынша 400-ге жуық нұсқама шығарып, 30-ға тарта нысанға айыппұл салған. Заңнамаға сай, аса маңызды нысандар арнайы қоршалып, өткізу бекеттері мен 1 айлық жадынамасы бар бейнекамералармен, дабылқаққыштарман қамтылуы шарт. Тәртіп сақталмаған күнде нысан иесіне 240 мың теңгеден бастап, 1 млн. 200 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. 1 ай ішінде олқылық жойылмаса, сот шешімімен қосымша айыппұл немесе нысанды жабу туралы шешім шығарылады.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

- Облысымызда 600-ден астам террористік тұрғыда осал объектілер бар, олардың барлығы өткен жылы тексеріліп өтті. Тексеру қорытындысы бойынша 30 шақты объектінің бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодексте 100 АЕК-тен 500 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған.

 

Самат САПАРАЛЫ

Бөлісу