Басты Жаңалықтар Астанада әскерилер арасында республикалық сайыс басталды

Астанада әскерилер арасында республикалық сайыс басталды

Үш күнге созылатын байқауға әр аймақтан үздік деген 19 офицер іріктеліп шыққан. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында олар өзара ақтық бәсекелерін өткізіп жатыр. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты - әскери бөлімшелердегі жауынгерлік іс-әрекеттерді жетілдіру мен офицерлік, командирлік құрамның дайындық деңгейін арттыру. Сыннан сүрінбей, жүлдеге іліккен әскерилерге Бас қолбасшылық тарапынан Құрмет грамотасы және ақшалай сыйақы табысталады. Сондай-ақ, Ұлттық ұланның командалық звеносының кадрлық резервіне енгізіліп, жоғары лауазымдарға ұсынылатын болады.     

Нұрғиса Қайырғалиұлы, батальон басшысының орынбасары:

- Бірінші кезеңде біз саптық, әскери жарғыны сондай-ақ, тактикалық дайындықты тапсырдық. Әскери бөлімге жақсы көрсеткіштермен келген абырой. Мен 5573 әскери бөліміне абыроймен келемін деген ойдамын.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Бөлісу