Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Біріншіден, тұрғындардың 67,9 пайызын ең қажетті тауарларға деген бағаның өскендегі алаңдатады. Төменгі кіріс мәселесі халықтың 30 пайызын толғандырады. Ал, ел азаматтарының 26,5 проценті коммуналдық төлемдердің қымбаттағанына наразы. Сауалнама қорытындысы бойынша, Қазақстан халқының өткен жылдағы әлеуметтік көңіл-күйін жалпы алғанда жақсы деп бағалауға болады. Көрсеткіш 86,2 пайыз. Айта өтейік, сауалнамаға 1600 респондент қатысқан. Оны жүргізу кезінде еліміздегі 67 елді мекен қамтылған.
Юлия Кучинская, «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры:
- Өткен жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың көңіл-күйіне ең көп әсер қалдырған, ол елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының белгілі бір жағдайда жақсаруы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің сәтті өткізілу атмосферасы, сонымен бірге, Қазақстанның тиімді әрі векторлы сыртқы саясаты. Сауалнамаға қатысушылардың пікірі бойынша, соңғы үш айдың ішінде қазақстандықтардың өмірінде жағымсыз оқиғалардан гөрі, жағымды оқиғалар 5,2 пайызға артқан. Бұл қоғамдық көңіл-күйдің жалпы көрінісінен хабар береді.
Досымжан ЕРМҰРАТ