Павлодар қаласының орталығында трамвай өртенді
Өткен демалыс күні Павлодар қаласының орталығында трамвай өртеніп кетті. Оқиға қараңғылық әлі сейіле қоймаған таңғы алакеуім уақытта болған. Жолаушылар аз болғандықтан бәрі лезде вагоннан шығып үлгерді. Тілсіз жауды тұмшалау үшін үш бірдей өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Соған қарамастан небәрі 30 минут ішінде трамвай тамтұғы қалмай, тұтас өртеніп кетті. Қазір қозғалыс қайта қалпына келтіріліп, жолаушылар тасымалы кестеге сай жүріп жатыр. Дерекке қарағанда жанып кеткен трамвай өте ескі.
Қанат Кенжебаев, «Трамвай басқармасы» АҚ депо басшысы:
- Трамвай 1981 жылғы. Екі мерзімнен аса қолданыста жүрген вагондар. Вагон қозғалғанда ұшқын шығады. Сол ұшқын сымды күйдіріп жіберген. Сым вагонға тиіп от шыққан.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
30.06.2026, 20:24
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
30.06.2026, 20:17
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10