Қазақстан бастамаларын әлем қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бастамаларын әлем қолдайды

12.01.2018

Қазақстанға әлемдік деңгейдегі проблемалардың шешімін табуға тура келеді. Бұл туралы Нью-Йорктан тікелей байланысқа шығып, қазақстандық БАҚ өкілдерімен сұхбаттасқан БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енча мәлімдеді. Қаңтар айы бойы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін Қазақ елі үшін бұл нағыз сыналар сәт. Өйткені, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақырып, күн тәртібін бекіте алады.

Келесі аптада БҰҰ ғимаратында бірнеше өте маңызды отырыс өтеді. «Соның бірі - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ядролық қарусыздану, сенім шаралары мәселелеріне арналған отырыс. Сондай-ақ, Орталық Азия мен Ауғанстан мәселелеріне арналған басқосу да ұйымдастырылады», - деді Мирослав Енча. Бас хатшы көмекшісінің айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан маңызды үлесін тиімді пайдаланып келеді. Ядролық қарусыздану мәселелері, Семей ядролық полигонын жабу, Орталық Азиядағы ядролық қарусыз аймақ құру сияқты ауқымды бастамаларды әлем қолдап, жоғары баға берген.

Хабарламаларға жазылу