Астанада ғалым Қайым Мұхамедхановтың атына көше берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ғалым Қайым Мұхамедхановтың атына көше берілді

12.01.2018

Астанада салынып жатқан көшелердің біріне белгілі ғалым, тұңғыш қазақ әнұранының авторы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді. Әзірге көшенің қысқа бөлігі ғана пайдалануға берілген. Бүгін мекенжай тақтайшасы алғаш болып Қазақ технология және бизнес университетінің қабырғасына ілінді. Рәсімге қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен оқушылар қатысты. Шара соңы «Қайым Мұхамедханов – ғалым, азамат, патриот» тақырыбындағы ғылыми семинарға ұласты. Басқосуда абайтанушы ғалымның өмірі, Отан алдындағы қызметі мен ерен еңбегі сөз болды.

Ербол Іргебай, Қ.Мұхамедхановтың шәкірті:

- Біз ұрпаққа Қайым ғалым деп айта бергеннен гөрі, Қайымның бойындағы тұлғалық қасиеттерін жеткізуіміз керек. Сондықтан да бүгінгі көшенің ашылуымен барлық астаналықтарды және қазақ елін құттықтаймын. Қайымның рухы асқақтай берсін. «Рухани жаңғырудың» бір көрінісі осы деп есептеймін.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу