Алматыда Сенат депутаттары қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Сенат депутаттары қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

11.01.2018

Жиында қоғамдық кеңесте жыл бойы көтерілген мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, халық қалаулылары алдағы 3 жылға бекітілген бюджеттің, яғни 26 триллион теңгенің қалай жұмсалатындығын түсіндірді. Бұдан бөлек, жаңадан қабылданған 94 заңның түрлі сала дамуына қалай әсер ететіндігіне тоқталды. Басқосуда жиналғандар Елбасының халыққа Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыру тетіктерін де тілге тиек етті. Депутаттар биылғы Жолдаудың ең маңызды тұсы - ұстаздардың еңбекақысын өсіру екендігін атап өтті.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ұстаздардың орны біздің қоғамда ерекше болуы керек. Соған байланысты Елбасы ең бастысы, олардың төлемақыларын көтеріп жатыр. Екіншіден, Елбасының ұстаздарға осындай көңіл бөлгенінің өзі біздің қоғамымызға үлкен серпін береді деп ойлаймын.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу