Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

10.01.2018

Бүгін Жамбыл облысына жаңа басшы тағайындалды. Өңірге Асқар Мырзахметов әкім болды. Елбасының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысына барды.

Облыс әкімдігінде өткен актив мәжілісінде алдымен көпшілікке Елбасы жарлығы таныстырылды.  Үкімет басшысы Кәрім Көкірекбаевтың Жамбыл облысының әкімі ретінде жемісті еңбек еткенін атап өтті. Ал, жаңа басшының өңірді өркендетуге тәжірибесі жеткілікті.

Асқар Исабекұлы мемлекеттік қызмет жолында шыңдалған. Соңғы кездері 6 жылдан аса Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарды. Жаңа әкімнің алдында Елбасы тапсырмаларын орындап, мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асыру міндеті тұр.

Жалғас САҢҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу