Басты Жаңалықтар Жаңа жыл түні Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісі жанып кете жаздаған

Жаңа жыл түні Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісі жанып кете жаздаған

Кеншілер шаһарында үш бала мен бір әйел адам пиротехникадан зақымданып облыстық ауруханаға түскен. Жеткіншектерге ем-дом көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал, әйел ауруханада біраз жатады. Себебі, оның желке тұсына түскен пиротехникалық заттан мойны мен шашы күйіп, қатты дыбыстан құлақ тамыры үзіліп кеткен. Сондай-ақ, Жаңа жыл түні Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісі жанып кете жаздады. Бұған қоса, Қарағанды маңындағы Новоузенка елді мекенінде 4 бала жергілікті емхана дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Мамандарының айтуынша, азаматтар пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. 

Динара Мұқашева, қала тұрғыны:

- Өзім байқамай қалдым. 10 метр алыс тұрдым. Бірақ, сонда да желкеме келіп түсті. Шашым, курткам барлығы жана бастады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Бөлісу