Елорда аумағында төтенше жағдай көрсеткіші төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда аумағында төтенше жағдай көрсеткіші төмендеген

08.01.2018

Өткен жылы елорда аумағында төтенше жағдай алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жылды қортындылауға арналған кезекті жиында хабарлады. Мамандардың айтуынша, бұл тұрғыда профилактикалық шаралар мен үздіксіз рейдтердің үлесі зор. Жалпы, шаһарда өткен жылы көптеп тіркелген төтенше жағдай ол - өрт. 700-ге тарта. 11 адам мерт болған. Басым бөлігі пеш жағатын жер үйлерде болғандықтан департамент қызметкерлері әсіресе қысқы уақытта салғырттық танытпау керектігін айтады. Әрі қыстың қытымыр аязы мен ақ бұрқағында «Қазгидромет» мәліметіне жиі құлақ түріп, алыс сапарға абайлап шыққан  жөн, - дейді мамандар. 

Еркін Отарғалымұлы, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:

- Алыс жолға шықсаңыздар міндетті түрде ауа райын қарау қажет. Мамандардың ескертпелеріне мән беру керек.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу