БҚО-да жылқы атып алған ұрылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жылқы атып алған ұрылар ұсталды

05.01.2018

Батыс Қазақстан облысында ауыл шетінде жайылып жүрген жылқыны атып алып кеткен барымташылар ұсталды. Тәртіп сақшылары түнгі сағат үштер шамасында Теректі ауданы Подстепное ауылында күдікті автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жүк салғыштан малдың тұтас еті мен бір ұңғылы мылтық табылған. Қолға түскен адамның қолында сойылған малдың құжаты болмай шыққан. Тергеу кезінде күдіктінің Бөрлі ауданында жылқыны атып, сойып алғандығы және оған серігі көмектескендігі анықталды. Жалпы, өткен жылы өңірде 458 мал ұрлығы тіркелді.

Серік Берікқалиев, БҚО Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

- К. деген азамат Б. деген азаматпен бірігіп, Қанай ауылының шетінде атып алып, жылқы малын ұрлап, автокөлікке салып, Оралға қарай қозғалған. Аталған азаматтарға ҚР ҚК 10-бабы 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу