Қызылордада күріштен тәтті таяқшалар әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада күріштен тәтті таяқшалар әзірленуде

05.01.2018

Қызылордада күріштен рипсы, яғни, жейтін қытырлақ таяқша шығарыла бастады. Дәмі кәдімгі жүгері таяқшасы сияқты бірақ, сәл тұздылау. Ақай елді мекенінде ашылған цехте 5 адам еңбек етеді. Олар жергілікті жерде өсірілген күрішті арнайы қондырғыларда терең өңдеп, түрлі дәмдеуіштер қосып, тағам әзірлейді. Алдағы уақытта балалар үшін жеміс-жидек дәмімен шығарылмақ. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.   Әзірге дайын өнім облыс аумағында сатылып жатыр. Негізінде күріштің ұсағынан 55 түрлі өнім алуға болады.  

Виктор Павлов, кәсіпкер:

- Бізде күріш көп. Ал, оны пайдаға асыру, одан өзге жейтін тағам әзірлеуді бұрыннан ойлап жүретінмін. Жоспарым жүзеге асып, қазір оны қолға алып жатырмыз. Бұл терең өңдеудің басы ғана. Алдағы уақытта күріштен май, сірке қышқылы секілді өзге де өнімдер дайындаймыз.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу