Қостанайлық диқандардан 643 мың тонна астық сатып алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық диқандардан 643 мың тонна астық сатып алынады

05.01.2018

Биыл «Азық-түлік корпорациясы» қостанайлық диқандардан 643 мың тонна астық сатып алатын болды. Үшінші сұрыпты бидайдың бір тоннасы 42 мың теңгеге бағаланып отыр. Бұл фермерлер үшін тиімді деп есептейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері. Себебі, алдағы көктемгі дала жұмыстарына дейін шығындарды жауып, техниканы сайлап алуға мүмкіндік беру керек. Корпорация биыл бидай сатып алуды электронды түрде жүзеге асырады. 

Нұрсұлтан Қабденов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Бүкіл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында бірдей болуы үшін бір гектарына 173 кг нормативімен саналған болатын. Яғни, тек қана бидай егістерінің алқаптары 173 кг көбейтіліп, әрбір адам өзінің тапсыратын көлемін есептеп алуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысы былтыр 5 млн. тоннадан астам астықты ел қамбасына құйған болатын. Өнімнің орташа түсімі 12 центнерден кем болған жоқ.

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу