Сырдарияда су деңгейі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдарияда су деңгейі көтерілді

29.12.2017

Сырдария өзенінің Қызылорда облысы тұсында мұз сіресіп, кептеліп қалуы салдарынан су деңгейі көтерілді. Ескі арна суға толып, каналдан асып, жағадағы саяжай үйлерінің ауласына жайылды. Бірақ, мұнда қазір  ешкім тұрмайды. Қыстап қалған тек екі отбасы бар, олар қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ, Прудхоз елді мекені тұсында екі малшыға көмек көрсетілді. Өкінішке орай, ол азаматтардың біреуін құтқару мүмкін болмады. Жолда адасып, мұзға түсіп кеткен. 

Қазір Сырдария өзеніне Шардарадан секундына 1000 текше метр су құйылып жатыр. Ал, Қызылорда су торабы арқылы секундына 530 текше метр су ағуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.  Ауа райының құбылмалылығы мен жауын-шашынның мол болуы да жағдайды күрделендіріп отыр. Қазір канал жағалауы топырақпен нығайтылуда. Ал су басу қаупі бар аймақ тұрғындарына басқа жерге көшу туралы ескертіліп жатыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу