Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана келер жылы балаларға арналған бөлім ашады
Бұл туралы мекеменің директоры бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бас қосқан кездесуде айтты. Қазір балалар әдебиетін жинақтау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, кітапхана ұжымы оқырмандарға кешкі мезгілде қызмет ету мәселесін қарастыруда. Электронды кітаптар саны 20 мыңнан асады. Заман талабына сай санын арттыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Негізгі қор отандық және шетелдік еңбектерді қосқанда 1,5 млн-ға жетеді. Өзге елдердің кітапхана тәжірибесімен алмасу үшін шетелдермен тығыз байланыс жасалуда,- дейді мамандар. Кездесу барысында кітапхана жұмысының насихатталуына сүбелі үлес қосқан бірқатар БАҚ ұжымы сый-сияпатқа ие болып, алғысқа бөленді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09