Энергетика министрлігі «ЭКСПО» көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды елімізде енгізу бойынша жұмысты бастап кетті. Қазірдің өзінде шетелдік 105 және 28 отандық технологияның тізімі жасалған. 47 маманнан жасақталған арнайы жұмыс тобы мұнай-газ, көмір өнеркәсібі, электр энергетикасы және экология сынды төрт бағыт бойынша халықаралық тәжірибені енгізуді көздеп отыр. Осылайша, әкімдіктер жергілікті жерлерде өздеріне тиімді бағыт бойынша жұмыс жоспарын құрмақ. Алғашқы жобалар келер жылдан бастап қосыла бастайды.
Берік Ербосынов, ҚР Энергетика министрлігінің «ЭКСПО» басқармасының басшысы:
- 133 технология әкімдіктерге және бүкіл компанияларға берілген. Сонымен қатар, біз оны министрлік сайтына орналастырдық. Кез келген әкімдік біз берген ақпарат бойынша өзіне керектісін алуына болады.
Елдос САПАРҒАЛИ