Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорындар жергілікті тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасаспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорындар жергілікті тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасаспақ

28.12.2017

Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорындар импортты алмастыру бағдарламасын қолдап, жергілікті тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасаспақ.  Құжатқа сай, олардың өнімін сатып алады. Бастысы, отандық тауардың сапасы мен бағасы, шетелдік өнімнен кем түспеуі шарт.

Мәселен, елімізде ірі компаниялардың ықпалымен шағын және орта бизнесті дамыту үшін арнайы әріптестік бағдарламасы жасалған болатын. Шығыс Қазақстанда оның жүзеге асуына «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жауапты. Бағдарламаның іске асу барысы Өскеменде арнайы жиында талқыланды. Биыл өңірдегі 20 ірі кәсіпорын жоба бойынша жұмыс істеуге дайын. 

Антон Крамаренко, «Ертіс ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы:

- Біз Қазақстанда қай салада, қандай тауарларды өз күшімізбен өндіре алатынымызды нақты анықтап алуымыз керек. Мысалы, елімізде кей тауар түрлері мүлдем шығарылмайды. Есесіне тап осы нарықты игеруіміз қажет. Бұл жаңа өндіріс орнын ашуға, ал, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерде жоғымызды түгендеуге жаңаша мүмкіндік береді.                              

Хабарламаларға жазылу