Басты Жаңалықтар Көкшетауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Көкшетауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Жаңа орталықта жүргізуші куәлігін рәсімдеу, емтихан сыныбы, медициналық тексеру кабинеті, дайын құжаттарды беру залы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы мен күту залдары бар. Жүргізуші куәлігін алу үшін мамандар арнайы медициналық тексеруден өткізеді. 15 минуттың ішінде медициналық анықтама беріледі.  Жаңа орталықта автокөлікті тіркеу  үшін 1 сағаттай уақыт қажет болса, жүргізуші куәлігін алу үшін бұрынғы 6 сағаттың орнына 2-ақ сағат уақыт жұмсалады. Сондай-ақ, куәлік алуға келген адамдар практикалық емтиханды осы жердегі автоматтандырылған автодромда тапсырады. Ол арнайы құрылғымен жабдықталған. Ал, көлік бағаны өз бетінше қоятын, электронды бағалау жүйесімен жабдықталған. 

Мадияр Арғынбаев, Аастана қаласының тұрғыны:

- ХҚКО-ға келдік. Бәрі жақсы. Бәрі жылдам. Ыңғайлы. Қызметкерлер де жақсы. Жылдам алдық нөмірді. Қуаныштымыз. Астанадан келдік. Бір күнде келіп нөмір алып, кетіп бара жатырмыз.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Бөлісу