Еліміздің әуе қорғанысы жаңа ұшақтармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің әуе қорғанысы жаңа ұшақтармен толықты

26.12.2017

Еліміздің әуе қорғаныс күштері жаңа ұшақтармен толықты. Жоғары санаттағы «Су-30 СМ» жойғыштары Талдықорғандағы әуе базасына келіп қонды. Мұндай әскери ұшақтар бүгінде әлем бойынша тек Ресей мен Қазақстанның Қарулы күштерінде бар. Қолайсыз ауа райында да ұша беретін әрі әмбебап әуе техникасы түрлі сынақтардан сүрінбей өткен. Сағатына 2,5 мың шақырымға дейін және 19 мың метр биіктікте ұша алады. 2015 жылдан бері Талдықорған әуе базасына 6 «Су-30 СМ» ұшағы әкелінді. Бүгінгі екеуімен қосқанда олардың саны 8-ге жетті. Әуе кемелері Ресейдің Иркутск қаласынан жеткізілді. 

Сергей Манадышев, ұшқыш /Ресей/:

- Бұл ұшақтар көпфункциялы, өте жоғары маневрлі. Ұрысты кез келген жерде, әртүрлі жағдайда жүргізе алады. Бірнеше қару түрімен жабдықталған. Бір мезетте әуедегі және жердегі қарсыласымен ұрыс жүргізеді. Қолдану мерзімі 25 жылдан жоғары. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу