Сарбаздар генералға құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарбаздар генералға құрмет көрсетті

04.11.2015
Сарбаздар генералға  құрмет көрсетті
Сарбаздар генералға  құрмет көрсетті

Биыл Парламент Сенатының депутаты, армия генералы, «Халық қаһарманы» Мұхтар Алтынбаев 70 жасқа толып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қолбасшының құрметіне салтанатты шара ұйымдастырды. Астанадағы Аэромобилді әскерлердің десанттық-шабуыл бригадасының базасында Мұхтар Алтынбаевтың мерейтойына орай әскери шеру ұйымдастырылды.

Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыруға еңбек сіңірген Мұхтар Алтынбаев армия генералы атағын алған санаулы қолбасшылардың бірі. Ол 1996-1999 жылдары, кейін 2001-2007 жылдар аралығында Қорғаныс министрі қызметін атқарған болатын. Сонымен бірге елдің әуе қорғанысы күштерінің нығаюына да көп еңбек сіңірген жан. Кәсіби ұшқыш ретінде Қарулы күштердің заманауи ұшақтармен, әуе қорғанысы техникаларымен жарақтандырылуына да атсалысты. Бүгінде сенатор ретінде қызметін жалғастырып жатқан генералдың сарбаздар арасында беделі жоғары. Сол себепті, Қорғаныс министрлігі қолбасшыға айырықша құрмет көрсетуде

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу