Әуе қорғанысы күштері әлемдегі ең үздік жауынгерлік ұшағымен толығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе қорғанысы күштері әлемдегі ең үздік жауынгерлік ұшағымен толығады

01.12.2023

Еліміздің әуе қорғанысы күштері әлемдегі ең үздік 6 көп мақсаттағы жауынгерлік ұшағымен толығады. Бұл туралы Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Дәурен Қосанов мәлімдеді. Жалпы, авиациялық парк және әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Қазақстан Еуропалық «Airbus Military» авиациялық концерні арасында жасалған келісімшарт аясында «С-295» әскери-көлік ұшақтары сатып алынған.

Сонымен бірге, парк жаңа Ми-35 пен Ми-171 көліктік және жауынгерлік тікұшағымен толықты. Бұдан бөлек, Президент тапсырмасы бойынша «пилотсыз» ұшақтар паркін ұлғайтылып, тамызда алғашқы «Anka» шабуылдау «пилотсыз» ұшақтары қолданысқа енді. «Жалпы, қолда бар ұшақтар мен тікұшақтардың 75 пайызы жаңа»,- деді ведомство өкілі.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу